- Басты
- Жаңалықтар
- «Бәйтерек» холдингі орта бизнесті қолдау бағдарламасының басталғанын жариялайды
«Бәйтерек» холдингі орта бизнесті қолдау бағдарламасының басталғанын жариялайды
Холдинг пен оның еншілес компанияларының басшылары, Қазақстан кәсіпкерлері ұлттық палатасының өкілдері мен Жамбыл облысы әкімдігінің қызметкерлері Бағдарламаға қатысу үшін шарттарды түсіндіру мақсатында жергілікті кәсіпкерлермен бас қосты.
Холдинг өкілдерінің сөзіне қарағанда, Бағдарламаға өз өнімдерін экпорттаған, сәйкестенген кірісі, өсім қарқыны мен тұрақты қаржы көрсетіштеріне ие орта бизнестегі кәсіпорындар қатыса алады.
Экономика секторлары ішінде басымдық машинақұрылысы, тамақ өнеркәсібі мен құрылыс заттарын өндіру салаларына беріледі.
Бағдарлама «Бәйтерек» холдингінің еншілесі құрылымдары – «Қазақстан Даму Банкі» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ, «Қазына капитал менеджмент» АҚ және «Қазэкспортгарант» АҚ арқылы жүзеге аспақ. Аталған институттардың әрқайсысы бағдарламаны жүзеге асыру үшін өз қолдау құралдарын ұсынады. Олардың ішінде – тікелей несиелеу, лизингтік келісімдерді қаржыландыру, пайыз мөлшерақыларын субсидиялау, экспорттық сақтандыру, экспорт алдындағы қаржыландыру мен сауда үрдістерін қаржыландыру және инновациялық гранттар бар. Сөйтіп, Бағдарлама «бір терезе» ұстанымы бойынша орта бизнестегі кәсіпорындарға кешенді қолдау жасауға жол ашады.
Бағдарламаның жүзеге асуы нәтижесінде өңірлік және әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті бола алатын компанияларды құру мен шикізатты емес экспорт пен импорттыалмастырудың қарқынына қол жеткізу жоспарланып отыр. Мұнымен қоса, нәтижесінде еңбек өнімділігі мен салық түсімін, сондай-ақ ішкі жалпы өнім көрсеткішін жоғарылататын жоғарытехнологиялық және энергоүнемді өндірісті дамыту алға қойылған.
Холдинг пен оның еншілес құрылымдарының басшылары, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері мен облыстық әкімшіліктің қызметкерлері мұндай кездесуді Қазақстанның әр аймағында өткізуді жоспарлап отыр. Келесі кездесу Алматыда өтеді.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру