- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда шамамен 4 мың адам әскери білім алып жатыр – Қорғаныс министрлігі
Қазақстанда шамамен 4 мың адам әскери білім алып жатыр – Қорғаныс министрлігі
«Ұлттық қорғаныс университетінде 212 адам, Құрлыс әскері әскери институтында 1 267 адам, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында 966 адам, Әуе қорғанысы күштері әскери институтында 480 адам, Кадет корпусында 414 адам және «Жас Ұлан» республикалық әскери мектебінде 499 шәкірт тәрбиеленіп жатыр», - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда ҚР Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде қысқы сынақ сессиялары басталып жатыр. Университет басшысы әскери ғылымдар кандидаты, генерал-майор Асхат Рыспаев университет магистранттары мен докторанттарымен сынақ өткізу тәртібі туралы әдістемелік сабақ өткізді.
«Ұлттық қорғаныс университеті университет түлектеріне ары қарай білімдерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Оның тыңдаушылары қазіргі таңда қалыптасқан офицерлер мен курсанттар. Қазіргі таңда Қазақстанда офицерлер мамандықтарын үш ЖОО беріп жатыр. Атап айтар болсақ Құрлыс әскері әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты мен Әуе күштері қорғанысы институты», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Сонымен қатар жалпы Қазақстанның Қорғаныс министрлігі әскери білім беру жүйесі қатарына алты әскери-оқыту мекемесі бар. Әскери институттардан бөлек жастардың «Жас Ұлан» мектебі мен Кадеттер корпусында оқу мүмкіндіктері бар.
Естеріңізге сала кетейік, азаматтық білім беру мекемелеріне қарағанда әскери оқу орындарында тәртіп біршама қатаң және Қорғаныс министрлігі түлектердің ары қарай жұмыспен қамтылуын өз мойындарына алады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр