- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев «Самұрық - Қазына» төрағасына арнайы дағдарысқа қарсы бағдарламаны жасақтауды тапсырды
Н.Назарбаев «Самұрық - Қазына» төрағасына арнайы дағдарысқа қарсы бағдарламаны жасақтауды тапсырды
«Ө.Шөкеев Қордың қазіргі қызметі мен негізгі бағдарламаларды жүзеге асыру барысы, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады. Мемлекет басшысы қазіргі экономикалық жағдайда Қордың тиімді әрі орнықты жұмыс істеуі маңызды екенін атап өтті», - делінген хабарламада.
«Еліміздің экспорттық тауарларына баға төмендеген кезеңде жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз еткен жөн. Осы орайда жоспарланған жекешелендіру, активтерді қайта құрылымдау бағдарламаларын, шығыстарды қысқартуды және табысты ұлғайтуды қамтитын шараларды сапалы жүзеге асыруды жалғастыру маңызды болып отыр», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті Қордың 2015 жылға арналған жұмыс жоспарын қайта қарауды, сондай-ақ дағдарысқа қарсы арнайы бағдарламалар әзірлеуді тапсырды.
Ө.Шөкеев шығыстарды қысқартуға бағытталған, стратегиялық маңызы төмен бірқатар инвестициялық жобаларды тоқтатуды қамтитын шаралар туралы айтты.
«Биыл біз өнімдеріміздің өзіндік құнын 7,8 пайызға, барлық ағымдағы және әкімшілік шығындарды 20 пайызға, сондай-ақ инвестициялық бағдарламаларды 18 пайызға төмендетуді жоспарладық», – деді басқарма төрағасы.
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
ӘЭД: Инфляция, азық-түлік бағасының қымбаттауы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
COVID-19: Коронавирусқа қарсы иммунитет өмір бойына сақталуы мүмкін бе -
Жолдаудағы саяси реформалар пакеті: Ауыл әкімдерін сайлау, партиялардың өту шегін төмендету, «барлығына қарсы» бағаны -
Миллионға жуық қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина салдырды -
Коронавирусқа қарсы вакцина: 823 498 қазақстандық екпе алды -
Есірткі саудасы немесе адамзатқа қарсы қылмыс жайлы