Қазақстан мен Венесуэла мұнай-газ саласында ынтымақтасады – СІМ (ФОТО)

16 Қаңтар, 2015 14:05
Қазақстан мен Венесуэла мұнай-газ саласында ынтымақтасады, деп мәлімдеді ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов венесуэлалық әріптесімен Астанада өткен кездесуі барысында.

«Қазақстан мен Венесуэла – мұнай-газ өндіруші мемлекеттер. Венесуэланың Сыртқы істер министрімен қатар бізге осы елдің Мұнай министрі де келіп отыр. Қазақстанның Энергетика министрлігімен келіссөздер жүргізілмек. Сонымен қатар, Қазақстанның Премьер-министрімен кездесу өтеді»,-деді Е.Ыдырысов.

Тараптар Қазақстан мен Венесуэла арасындағы экономика, сауда мен инвестиция, энергетика, сонымен қатар халықаралық ұйымдар арасындағы өзара байланыс салаларында екіжақты ынтымақтастықты жандандыру мәселесі талқыланды.

«Қазақстан мен Венесуэла интеграциялық қадамдарды қолдайды. Венесуэла Латын Америкадағы көптеген ықпалдастық шараларына тұрақты қатысады. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан да Еуразия кеңістігіндегі ықпалдастық бірлестіктердің белсенді қатысушысы. Бұл – біздің экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылымызды тереңдетудің жаңа факторы», - деді ҚР сыртқы істер министрі.

Сонымен қатар Д.Родригес Қазақстанның алдағы ДСҰ-ға енуі  мен ЕАЭО аясындағы сауда және инвестициялық мүмкіндіктерге жоғары баға берді.

Камила Амирова

Суретке түсірен Азамат Алиев

Барлық жаңалықтар