- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Чили дипломатиялық және қызметтік паспорт иелеріне виза жүйесін алып тастау туралы келісімге қол қойды
Қазақстан мен Чили дипломатиялық және қызметтік паспорт иелеріне виза жүйесін алып тастау туралы келісімге қол қойды
1 Қазан, 2013 17:06
Латын Америка елдеріне сапары аясында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Чилидің Сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Альфонсо Наварро екі ел арасында дипломатиялық және қызметтік паспорт иелеріне виза жүйесін алып тастау туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Екі елдің азаматтарының өзара қатынау ережесін жеңілдету мәселесі кездесудің басты тақырыбына айналды. Бұл бағыттағы маңызды қадам келіссөздер барысында қол қойылған Дипломатиялық және қызметтік паспорттар иелерін визалық талаптардан босату туралы Келісім болды. Тараптар екі елдің азаматтары үшін жақын болашақта толығымен визалық талаптарды жою бойынша келісімге жету мақсатында келіссөздерді жалғастыра беруге уағдаласты.
Сондай-ақ, А.Наварро қазақстандық тарапты Чилидің Астанада дипломатиялық өкілдік ашуды жоспарлап отырғаны туралы ақпараттандырды.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады