- Басты
- Жаңалықтар
- «Жас Отан» ЖҚ белсенділері «Қадірлейік қарттарды» акциясы аясында ҰОС ардагеріне көмектесті (ФОТО)
«Жас Отан» ЖҚ белсенділері «Қадірлейік қарттарды» акциясы аясында ҰОС ардагеріне көмектесті (ФОТО)
Акцияның мақсаты - Жеңістің 70 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне қамқорлық, құрметкөрсету, жастарды қарт адамдарға ықыласпен қарауға тәрбиелеу.
«Нұр Отан» партиясының алматылық филмалынан атап өткендей, шараға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Жанасбеков, ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Түсіпов, «Сарқан ауданының жастары» филиалының жетекшісі, «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы Д.Каипов, ерікті жастар және БАҚ өкілдері қатысты.
Сарқан қаласында белсенділер Ұлы Отан соғысының ардагері Шевченко Дмитрий Тимофеевичке көмек көрсетті, ол Украина жерінің Донецк қаласында дүниеге келген. Сұрапыл соғыс жылдары Мәскеуден Берлинге дейінгі аралықты жау қолынан азат еткен. Соғыс аяқталғаннан кейін Сарқан ауданы Қойбыш колхозында әр салада қызмет атқарған. Бүгінде жасы 92 келген ардагер Алматы облысы Сарқан қаласында тұрады. Дмитрий Тимофеевич Ұлы Отан соғысының I дәрежелі ордені мен 13 мерекелік медальдардың иегері.
Жастар соғыс ардагерінің үй ауласын қардан тазартып, отын-суларын дайындап берді. «Бұл бір күндік шара емес, аудан жастары қай уақытта болса да ардагерлерге отын-суы,аула тазалау сынды жұмыстарына әрдайым көмек беріп келеді. Осылай бейбіт, тәуелсіз мемелекетте өмір сүруіміз осы кісілердің арқасы. Сондықтан жастарымыз ардагерлерге деген құрметін, ілтипатын осындай жұмыстар арқылы көрсетуде», - дейді жасотандық Дамир Каипов.
Жасалып жатқан істерді қарапайым азаматтық парызымыз деп түсінетін жастарға ардагерлердің де алғысы шексіз. «Жастарға үлкен рахмет, барлығы осылардай болсын. Жаман қылықтан аулақ, әрдайым жігерлі, белсенді болып аға буын өкілдерін ұмытпасын. Бізге әрдайым қамқорлық көрсетіп жүресіздер. Сіздерге алғысызды айтамын», - дейді соғыс ардагері ДмитрийШевченко.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Жұмыспен қамту шаралары: «Еңбек» және «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы қалай іске асып жатыр