- Басты
- Қарағанды облысы ЭКСПО-2017 дайындығына белсенді қатысуда
Қарағанды облысы ЭКСПО-2017 дайындығына белсенді қатысуда

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ-на берген тапсырмасын іске асыру мақсатында ЭКСПО көрме кешені құрылысына отандық тауар өндіруші шағын және орта кәсіпкерліктер тартылуда. Қазіргі таңда ЭКСПО нысандары құрылысы бас мердігері мен Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары кәсіпорындарымен келісімшарт алдындағы келісімдерге қол қойылды. Ондағы мақсат аталмыш әкімдіктермен ынтымақтастық туралы Меморандумды атқару. Ұлттық компания Қазақстанның өзге де өңірлерімен осы бағыттағы жұмыстарын жалғастыруда.
Айта кету керек, Астанада Ұлттық компанияның Қарағанды облыстық әкімдікпен ынтымақтастық туралы Меморандумды іске асыру аясында жиын өтіп, онда «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Омаров, құрылыс, архитектура, коммерция және инвестиция тарту департаменттері жетекшілері мен компанияның бас мердігер ұйымдары өзара пікір алмасты.
Қарағанды облысы атынан облыс әкімі орынбасары Әнуар Ахмеджанов қатысып, өнеркәсіп және индустриялды-инновациялық даму басқармасы өкілдері де ат салысты. Сонымен қатар жиын барысында ЭКСПО-қалашық үшін қажетті кадр мен нысандарға керек құрылыс материалдарын тасымалдау шарттарымен танысу мақсатында келген өңірдің жеңіл өнеркәсібі, құрылыс индустриясы мен өзге де сала кәсіпорынарының басшылығы келіп қатысты.
Ұлттық компанияның хабарлауынша, Қарағанды облысы бойынша көрме кешендері нысанарын салу бойынша бас мердігермен ынтымақтастық туралы 8 меморандумға қол қойылды. Атап айтар болсақ олар «СК Базис» ЖШС, Холдинг «Би Ай Групп», «Компания АДС» ЖШС мен «Сембол констракшн» АҚ. Соның ішінде жетеуі тасымалдау келісіміне қол қойды: «Power Beton» ЖШС, «Smarttex.kz» ЖШС, «Завод Металл Профиль» ЖШС, «ЖАККО» ЖШС, «Сантехпром» ЖШС, «Торговый дом СТЗ «Арыстан» ЖШС. Алдағы уақытта жобалау құжаттарын дайындау шаралары бойынша 15 компанияға дейін Қарағанды облысының тауар өндірушілерін тартуды ұлғайту жоспарлануда.
Жиында қарағандылық кәсіпкерлер жеңіл өнеркәсіп, кабельді-сым, телекоммуникация мен электротехникалық өнімдер, панельді радиаторлар мен жылуалмастырғыштар өндірісі секілді нақты бағыттар бойынша өз әлеуеттерін таныстырды.
Шара соңында Мұрат Омаров Қарағанды облысының ел бойынша әсіресе логистика мен орналасу жері бойынша маңызды өңірлердің бірі екенін айтты.
-
Елордалықтар коронавирусқа қарсы вакцинаны белсенді түрде қабылдап жатыр
-
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды
-
Түркістан облысы: Тұрғын үй құрылысы 2,5 есеге өсіп, жаңа рухани-мәдени нысандар бой көтеруде
-
Түркістан облысының дамуы: Сауда айналымы, экспорт, импорт және инвестиция
-
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты
-
Жамбыл облысында 5000-нан аса дәрігерлер мен мұғалімдер екпе салдырды
-
Қарағанды облысында мұғалімдер вакцина ала бастады
-
Е.Алтынбеков: Жамбыл облысында адвокаттар саны артып, нотариус қызметіне өзгерістер енгізілді
-
Биыл Жамбыл облысындағы әлеуметтік көмектер мен оңалту құралдары портал арқылы берілмек
-
Сайлау науқанында барлық партияның дайындығы мен белсенділігі көрінді. Сарапшылар пікірі
-
Қазақстан халқы сайлауға белсенді қатысып жатыр - Эстониядан келген бақылаушылар
-
SAILAU TALKS 2021: «Сайлау науқанында жастардың азаматтық, саяси белсенділігі артты»
-
Сайлаушылар дауыс беруге белсенді келуде
-
Қызылорда облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті 2020 жылғы жұмысын қорытындылады
-
Қарағандыдағы геохимиялық зертхана 40 мың геологиялық сынамаға зерттеу жүргізді

