• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжілісте сақтандыру мен исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер қаралады

Мәжілісте сақтандыру мен исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер қаралады

16 Қаңтар, 2015 12:33
Бүгін Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс бюросы өтіп, онда тиісті комитеттің ұсынысымен депутаттардың алдағы пленарлы отырыстарының күн тәртібі жобасы құрылды, деп хабарлайды төменгі палата.

Хабарламада айтылғандай, Палатаға сақтандыру мен исламдық қаржыландыру мәселесі бойынша заңнамалық өзгерістерді екінші оқылымда қарау ұсынылуда.

Бірқатар құжаттарды ратификациялауды қарастыратын заң жобалары депутаттардың талқылауына енгізіледі. Атап айтар болсақ олар: Тараптардың аумағында заңсыз өмір сүріп жатқан тұлғалардың реадмиссиясы туралы қазақстан-мажар үкіметаралық Келісімі мен мүгедектер құқығы туралы конвенция.

Мәлімет бойынша, күн тәртібі жобасы жаңа заң жобаларының үлкен пакетін қамтиды. Осылар бойынша палата тиісті комитеттердің қорытындыларын дайындау мерзімін анықтайды. Осы орайда екі кодекс бар: Азаматтық процессуалды және Кәсіпкерлік кодексі. Мұнда да өзін өзі реттеу, ауыл шаруашылығы кооперациялары, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, қымбат металлдар мен қымбат тастар туралы заң жобалары бар.

Мәжіліске келіп түскен құжаттар арасында мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасы, экологиялық мәселелер бойынша түзету жобалары, сонымен қатар реадмиссия туралы қазақстан-беларусь үкіметаралық келісімін ратификациялау туралы заң жобасы бар. 

Барлық жаңалықтар