- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында ҚХР-мен 1000 га жерге ауыл шаруашылығы аймағын салу жоспарлануда
Жамбыл облысында ҚХР-мен 1000 га жерге ауыл шаруашылығы аймағын салу жоспарлануда
«ҚХР-ға іскерлік миссиясының мақсаты - экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастықты одан ары ілгерілету», - делінген хабарламада.
ҚХР-ның Шэньси провинциясы Сиань қаласында Жамбыл облысының әкімі К.Көкірекбаев Шэньси провинциясы халықтық үкіметінің төрағасы Шэньси Лоу Циньцзянмен кездесті. Олар сауда-экономикалық және мәдени серіктестіктің әлеуетін талқылады.
Басқармадан атап өткендей, қытайлық «Да И» компаниясының қуаттылығы 200 Мвт жел электростанциясының құрылысына арналған жоба мен Янлин үлгі-таныстырылымдық ауылшаруашылығы аймағы басқарма комитеті тарапынан Жамбыл облысында аграрлы-инновациялық парк құру жобасы бірлескен келісімнің негізгі бөлігін құрады.
Бұдан басқа, тараптар аграрлық саладағы жоғары технологиялы жобаларға назар аударды. Атап айтар болсақ, Жамбыл облысында үш жылдың ішінде 1000 га жерге органикалық көкеністер мен жемістерді қайта өңдейтін, мал шаруашылығының заманауи кластері мен ет және сүт өндірісі бойынша кәсіпорындар орналасатын аграрлық аймақты ашу көзделді. Жоспарланған инвестиция көлемі 950 млн доллар.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар