- Басты
- Жаңалықтар
- Нашар көретін адамдар eGov порталының арнайы нұсқасын қолдана алады
Нашар көретін адамдар eGov порталының арнайы нұсқасын қолдана алады
Еgov.kz электрондық үкімет порталында нашар көретін адамдарға арналған нұсқа қолжетімді болды. Нұсқа WCAG 2.0 (Web Content Accessibility Guidelines) халықаралық стандартына сәйкес құрастырылды. Стандартқа сәйкес пайдаланушы сайттағы ақпарат пен интерфейсты толықтай түсіну мен әртүрлі веб-браузерлерді, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін арнайы браузерлерді қолдану мүмкіндігіне ие болу керек деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» баспасөз-қызметі.
«Атқарылған жұмыс: кереғарлық - 4.5:1-ден кем емес, мәтін мен фон түсін таңдау мүмкіндігі, жол арасындағы интервал бір жарым не одан үлкен, параграфтар арасындағы қашықтық жол арасындағы интервалдан бір жарым есе үлкен, сияқты көрсеткіштер бойынша нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді. Бұл көрсеткіштер нашар көретін адамдар үшін электрондық үкіметтің 570 астам электрондық қызмет пен сервистерін қолдануға мүмкіндік береді», деп «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Талғат Исмағамбетов атап өтті.
Электрондық үкімет порталында 3 млн. астам пайдаланушы тіркелген және жаңа нұсқанфы құру мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етудегі келесі қадам болып саналады.
Электрондық үкімет порталының нашар көретін адамдарға арналған нұсқасы жайында «Қазақ соқырлар қоғамы» президенті Байболат Әубәкіров ой бөлісті: «Аталмыш сияқты технологияларды қолдану халықаралық тәжірибеде кеңінен таралған және бүкіл әлемде қолданылады. Енді ол Қазақстанда да қолжетімді болды. Мүмкіндігі шектеулі адамдар күн сайын түрлі қиындықтармен кездесетіні жасырын емес. Электрондық үкімет порталының мемлекеттік қызметтерді ұсыну процесін барша қауым үшін бұдан әрі қолжетімді ету бастамасы мен қуантады».
Ресми статистикаға сәйкес Қазақстанда 680 мыңнан астам адам нашар көреді, олардың 20 мыңы зағип жандар.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Жалған вакцина паспорты мен ПТР анықтамасы үшін қандай жаза тағайындалады -
Тоқаев: Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ғажайып ерлігі халқымыздың жадында мәңгі сақталады