- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында 2014 жылы шамамен 2 млрд теңгенің мүлкі заңдастырылды
Ақтөбе облысында 2014 жылы шамамен 2 млрд теңгенің мүлкі заңдастырылды
16 Қаңтар, 2015 11:33
Ақтөбе облысында барлығы 1 млрд 842 млн 328 мың теңгенің 487 жылжымайтын мүлкі жария етілді, деп ішкі саясат басқармасы хабарлады.
«2015 жылдың 1 қаңтарына дейін облыс бойынша 2 416 жылжымайтын мүлікті жария ету бойынша 1 283 өтініш келіп түсті. Олардың жалпы құны 6 миллиард 556 миллион 879 мың теңгеге бағаланды», - деп хабарлады ІСБ.
Өткен мерзімде түскен 261 өтініш бойынша 1 миллиард 842 миллион 328 мың теңгенің 487 жылжымайтын мүлкі жария етілді. Құны 2 миллиард 636 миллион теңге болатын 985 жылжымайтын мүлікті заңдастыру бойынша 514 өтініш қайта қаралуға жіберілді. Оған тиісті талаптардың дұрыс орындалмауы себеп болған.
Аталып өткендей, жария етуге құжаттарды тапсырудың негізгі себептері - бітпеген құрылыс, жер учаскісін мақсаты бойынша пайдаланбау, техникалық паспортты дұрыс рәсімдемеу.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда