Алматыда кәсіподақ орталығы ашылады

16 Қаңтар, 2015 12:18
Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайыновты қабылдады. Кездесудің басты тақырыбы әлеуметтік серіктестіктің басым бағыттарын дамыту болды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әбілғазы Құсайынов 2014 жылы қабылданған ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» заңының шеңберінде Қазақстанның кәсіподақ қозғалысында елеулі реформалар орын алып отырғанын сөз етті. Әсіресе жаңа Заң салалық және аймақтық бірлестіктердің қызметтерін нақты белгілеуге мүмкіндік берді, көптеген аз құрамды кәсіподақ ұйымдарының үлкен бірлестіктерге бірігуі жаңғырту үрдісін жеделдететіні анық.

Кәсіподақтар Федерациясының Атқару комитеті өткен жылдың желтоқсанында Алматы қаласының кәсіподақ орталығын ашу туралы шешім қабылдаған болатын. Соған байланысты кездесу барысында орталықты ашу дың ұйымдастыру ж ұмыстары талқыланды.

Сапар барысында ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов Алматы қаласының әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжоловамен де кездесті. Басқосуда ұжымдық келісімшарттар жасаудың ағымдағы мәселелері сөз болды. 

Барлық жаңалықтар