2015 жылы БҚО-да білім саласына 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді

16 Қаңтар, 2015 11:03
2015 жылы білім саласында Дерқұл ауылында 600 орындық мектеп құрылысы жоспарланып, осы мақсатта 450 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды облыстың ішкі саясат басқармасы.

Хабарламада айтылғандай, БҚО-да білім саласына 2 383 млн теңге бөлінген.

Сонымен қатар Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылында 250 млн теңгеге 290 орындық балабақша салынады.

Орал қаласының Зачаганск ауылында да 1200 орындық 2 мектептің құрылысын аяқталу жоспарда бар. 2015 жылы осы мақсатта 1 052,3 млн теңге бөлінді. Жаңғалы ауданы Жаңғалы ауылындағы 600 орындық мектеп пен оның 100 орындық интернаты құрылысын аяқтауға 631,6 млн теңге керек. 

Барлық жаңалықтар