• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік басқару академиясы СОВНЕТ Ресейлік жобаларды басқару қауымдастығымен ынтымақтастықты нығайтуда (ФОТО)

Мемлекеттік басқару академиясы СОВНЕТ Ресейлік жобаларды басқару қауымдастығымен ынтымақтастықты нығайтуда (ФОТО)

16 Қаңтар, 2015 10:48
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры СОВНЕТ Ресейлік жобаларды басқару қауымдастығының президенті Алексей Полковниковпен кездесті, деп хабарлады Академиядан.

«Кездесу барысында тараптар жобалар мен бағдарламаларды басқару саласында біліктілігі жоғары мамандарды дайындауда ынтымақтастық мәселесін дамыту және нығайту жолдарын талқылап, Мемлекеттік басқару академиясымен СОВНЕТ  Ресейлік жобаларды басқару қауымдастығы арасында  ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, IPMA мен PMI сертификатталған жобалық менеджері болып табылатын Алексей Полковников «IPMA/СОВНЕТ стандарттары бойынша жобаларды басқару. Дайындық және сертификаттау» тақырыбында екі күндік семинар өткізеді.  

Академиядан атап өткендей, семинардың бағдарламасы стандарттың мазмұнына және талаптарына сәйкес жасалған. Айта кетерлік жайт, А. Полковников жобалық менеджмент саласында бірқатар оқулықтар мен ғылыми еңбектердің авторы. 

Барлық жаңалықтар