2015 жылы Оралда 5 тұрғын үй салынады

16 Қаңтар, 2015 10:18
2015 жылы БҚО Орал қаласында жалпы ауданы 54 мың шаршы метр болатын 1160 пәтерлі 5 тұрғын үй салу жоспарланған, деп хабарлайды облыстың ішкі саясат басқармасы.

Басқарманың хабарлауынша, 5,727 мың метрлік 76 пәтер ауылдық елді мекендерде салынбақ.

Тұрғын үйлердің 4-і (29,549 мың шаршы метрлік 450 пәтер) ҚТҚЖБ бойынша салынады, соның ішінде «Жас отбасы» бағыты бойынша 3 үй (21,002 мың шаршы метрлік 360 пәтер), ЖАО кезегіндегілер үшін 1 үй (9,942 мың метрлік 180 пәтер) берілмек.  

БҚО құрылыс басқармасының мәліметінше, 2015 жылы Орал қаласында 150 орындық балаларды қалпына келтіру орталығы құрылысы жоспарланған.

Сонымен қатар 2 598,3 мон теңге көлеміндегі қаражат 300 орындық көппрофильді қалалық аурухананы аяқтауға жұмсалады.

Туризм мен спорт саласында Жәнібек ауданы Жәнібек ауылындағы 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысы қолға алынады деп көзделуде. Оған 50 млн теңге бөлінген. 

Барлық жаңалықтар