- Басты
- Жаңалықтар
- 24 жылда Қазақстанға шамамен 1 млн қандасымыз оралды
24 жылда Қазақстанға шамамен 1 млн қандасымыз оралды
1991 жылдан 2015 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 259 159 немесе 952 882 этникалық қазақ (оның ішінде 2014 жылы 3792 отбасы немесе 8247 адам) тарихи Отанына қайта оралып, оралман мәртебесін алды. Бұл еліміз тұрғындарының жалпы санының 5,5% құрайды.
Қазақстанға келген оралмандардың көпшілігі, яғни, 61,5%-ы Өзбекстаннан келген, сондай-ақ, 14,3%-ы Қытайдан, 9,3%-ы Моңғолиядан,
6,8%-ы Түрікменстаннан, 4,6%-ы Ресейден және 3,5%-ы өзге елдерден оралған қандастарымыз.
Олардың 21,2%-ы Оңтүстік Қазақстан облысына, 16,3%-ы Алматы облысына, 13%-ы Маңғыстау облысына, 9,4%-ы Жамбыл облысына, 40,1%-ы еліміздің өзге өңірлеріне қоныстанды.
Елге оралған қандастарымыздың 55,6%-ы еңбекке қабілетті жаста болса, 18 жасқа дейінгілері 39,9%, зейнеткерлер 4,5%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы оралмандардың ішінде 8,7%-ы жоғары білімді, 20,5%-ы орта арнаулы білім алған, 61%-ы жалпы орта білімі бар және 9,8%-ның білімі болмаған.
Оралман мәртебесіне ие болған жандар «Халық көші-қоны туралы» ҚР Заңында қарастырылған барлық әлеуметтік жеңілдіктерді пайдалана алады.
Бейімдеу және интеграциялық қызметтер көрсету үшін Ақтау, Қарағанды және Шымкент қалаларында, сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысының Ақсукент ауылында оралмандарды бейімдеу және интеграциялау орталығы қызмет етеді.
Орталықтарда іске асырылатын бейімдеу бағдарламалары құқықтық мәселелер бойынша кеңестер беруді, мемлекеттік тілді және қалаулары бойынша орыс тілін оқытуды, кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыруды қарастырады.
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қазақстанда 7 млн-нан астам азамат вакцина алды -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
ХҚА сессиясы: тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер, Елбасыға алғыс, жаңа Төраға -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі -
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы -
«Рухани жаңғыру»: 4 жылда не өзгерді