2014 жылы санитарлық авиация Қазақстанда 1874 ұшырылым жасады

16 Қаңтар, 2015 09:33
2014 жылы Республикалық санитарлық авиация орталығы 1874 рет шақырту алып, 1735 науқасты тасымалдап, барған жерінде 140 операция жасап, 500-ге тарта консультативтік қызмет көрсетті, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

Санитарлық авиация дәрігерлері акушерлік және гинекологиялық,нәрестелер және балалар патологиясы, қан айналымы жүйесі, хирургиялық, терапевтік аурулар, жарақаттанушылық, күйіп қалу және улану, жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккен жағдайларда медициналық көмек көрсетті. 

Атап айтқанда, 2014 жылы барлығы 2365 науқасқа 2366 медициналық қызмет, оның ішінде акушерлік-геникологиялық патологиямен - 428 әйелге, жаңа туылған нәрестелерге - 390, балалар жасындағы аурулармен – 538 балаға, жарақаттанушылық бойынша – 496 адамға (оның ішінде жол-көлік апатында зардап шеккендерге – 183), қан айналымы жүйесі ауруларымен 342 науқасқа көмек көрсетілді.  

Санитарлық авиация қызметі республика халқына уақытылы және сапалы көмек көрсету үшін барлық тиісті шаралар қабылдауға әрқашан дайын отырады.    

Сондай-ақ, санитарлық авиация қызметінде әуе кемелері экипаждарының жоғары кәсіби деңгейін атап өту керек. Оларға жырақтағы, ұшу-қону алаңдары жоқ қиын өңірлерде де жұмыс істеуге тура келеді.

Барлық жаңалықтар