Астанада ҚР ҰЭМ мен Азия Даму Банкі ынтымақтастығы талқыланды

16 Қаңтар, 2015 09:18
ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов Азия Даму Банкінің Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің жақында тағайындалған басшысы Джинлинг Янгпен кездесу өткізді, деп хабарлайды ведомстваның баспасөз қызметі.

Тараптар Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасы шеңберінде жаңа жобаларды іске асыру мүмкіндігі мен Қазақстан Республикасында сауда, энергетика және саудаға жәрдемдесу салаларындағы одан әрі ынтымақтастығын талқылады.

 «Біз Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасы шеңберінде басым бағыттары салаларындағы жаңа өңірлік жобаларды одан әрі іске асыру туралы Азия Даму Банкінің ұсынысын қолдаймыз», - деп атап өтті Тимур Жақсылықов.

Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасы Қазақстанда 2001 жылдан бастау алған және 10 елмен әріптес. (Ауғанстан, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Моңғолия, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан). 

Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығының ең ірі жобаларының бірі «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін реконструкциялау жобасы болып табылады, бұл халықаралық транзиттік дәліздің қазақстандық бөлігінде қозғалыстың қарқындылығын айтарлықтай арттырады және сәйкесінше транзиттік жүк айналымын ұлғайтады, ол Қазақстан Республикасы бюджеті барлық деңгейлерінің кіріс бөлігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Барлық жаңалықтар