• Басты
  • Жаңалықтар
  • Г.Әбдіқалықова БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық процестерге ерекше үлесін қосып отырғандығын атап өтті

Г.Әбдіқалықова БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық процестерге ерекше үлесін қосып отырғандығын атап өтті

15 Қаңтар, 2015 19:42
Бүгін БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілі Стивен Туллмен кездескен Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова екі тарап арасындағы серіктестіктің аса жоғары деңгейде екенін жеткізді.

Гүлшара Әбдіхалықова қос тараптың өзара түсіністік пен серіктестіктің жоғары деңгейде екенін атап, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық процестерге ерекше үлесін қосып отырғандығын тілге тиек етті.

Кездесуге БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтенгерел, Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрайымының орынбасарлары – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.И.Тарасенко және Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Ж.Сүлеймен қатысты.

Сондай-ақ, кездесу қатысушылары Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыру барысында мемлекеттің әлеуметтік-гуманитарлық даму мәселелерін де талқылады.

Барлық жаңалықтар