Ұлттық банк биыл айырбас бағамының күрт өзгеруін болдырмауға ниетті

15 Қаңтар, 2015 20:39
Ұлттық банк 2015 жылы айырбас бағамының күрт өзгеруін болдырмауға ниетті, деп хабарлады Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов Ақордада өткен әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңесте.

«Дағдарыстың көрінісі еліміздің экспорттық тауарларының, әсіресе соңғы жарты жылда құны барреліне 50 доллардан түсіп кеткен мұнай бағасының төмендеуінен байқалды. Ел бюджетіне қаражат түсімін қамтамасыз етіп отырған түсті және қара металлургия өнімдерінің де бағасы төмендеді. Сонымен қатар, Украинадағы ахуал және соған байланысты Ресейге қатысты санкциялар, ресейлік рубльдің қазіргі жағдайы ықпал етіп отыр. Сондықтан біз ахуалды бақылап отыруға және тиісті шаралар қабылдауға тиіспіз», – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев өткен жыл соңында Үкіметке оқиғаның түрліше нұсқада өрбуінің сценарийлерін әзірлеуді тапсырғанын, ондағы басты міндет экономиканың өсім қарқынын төмендетпеу және негізгі әлеуметтік төлемдерді сақтау екенін еске салды.

Барлық жаңалықтар