• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Латын Америкасына барған сапарында бірқатар кездесулер өтікізді

Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Латын Америкасына барған сапарында бірқатар кездесулер өтікізді

1 Қазан, 2013 16:27
29 қыркүйек күні, өзінің Латын Америка елдеріне сапары аясында, ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Чили қаласында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Е.Ыдырысовтың Чилиге сапары Шетел инвестициялары жөніндегі Комитетінің жетекшісі Матиас Моримен келіссөздерден басталды. ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы М.Мориді Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саладағы және еліміздің инвестициялық саясатында қол жеткізген жетістіктерімен таныстырды. Қазақстан тәуелсіздік жылдары ішінде болжанбалы және сенімді іскер әріптеске айналғанын атай отырып, қазақстандық дипломат өзінің әңгімелесуші тарапын, біздің елімізде өтетін ірі халықаралық шара – ЭКСПО-2017 көрмесін ескеріп, Қазақстанға инвестицияларды салу мүмкіндігін қарастыруға шақырды. Өз кезегінде, М.Мори Қазақстанның дамуы үлкен әсер қалдыратынын жеткізіп, ынтымақтастықты дамыту жөніндегі мүдделердің ортақтығына назар аударды және бар әлеуетті ортақтаса отырып зерделеуге дайын екендігін айтты.

ҚР СІМ басшысының Чили Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Альфонс Наварромен өткізген келіссөздері негізгі кездесу болды.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Чили СІМ-дері арасында саяси кеңестер туралы Келісімге қол қойылды. Бұл екі елдің арасындағы үнқатысуды жүйелі жолға қоюға арналған.

Сондай-ақ, А.Наварро қазақстандық тарапты Чилидің Астанада дипломатиялық өкілдік ашуды жоспарлап отырғаны туралы ақпараттандырды.

Сонымен қоса, ҚР Сыртқы істер министрі Энергетика министрі Хорхе Бунстермен және тау-кен өндірісі Министрі Эрнан де Солниакпен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқыға салды. Тараптар байланыстарды әрі қарай дамыту жолдарын қарастырып, ынтымақтастықтың болашағы бар бағыттарын айқындады.

ҚР СІМ басшысы Чили Дипломатиялық академиясының Ректоры Пабло Кабреромен де кездесу өткізіп, Академия тыңдаушылары алдында лекция оқыды.

Е.Ыдырысовтың Чилиге сапары Латын Американың жетекші елдерінің бірімен екіжақты қарым-қатынастың жаңа парағын ашып, Қазақстан сыртқы саясатының біртіндеп белсенденуіне деген талпынысын көрсетті.

Латынамерикандық турне аясында Е.Ыдырысов Аргентина (1 қазан) мен Бразилияға (2-3 қазан) сапармен барады деп күтілуде.

 

Барлық жаңалықтар