- Басты
- Жаңалықтар
- Г.Әбдіқалықова БҰҰ ДБ Қазақстандағы Тұрақты өкілімен кездесті
Г.Әбдіқалықова БҰҰ ДБ Қазақстандағы Тұрақты өкілімен кездесті
Кездесуге БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтенгерел, Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрайымының орынбасарлары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.И.Тарасенко және Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Ж.Сүлеймен қатысты.
Гүлшара Әбдіқалықова тараптар арасында қол жеткізілген өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың жоғары деңгейін, сондай-ақ БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстаның әлеуметтік-экономикалық жаңғыру үдерісіне қосқан елеулі үлесін атап өтті.
Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысы белгілеген «Қазақстан-2050» стратегиясы және «Нұрлы жол болашаққа бастар жол» Жаңа Экономикалық Саясаты міндеттерін орындау аясында еліміздің әлеуметтік-гуманитарлық дамуының кең ауқымды мәселелері бойынша өзара іс-қимылдың перспективаларын талқылады.
Мемлекеттік хатшы Г.Н. Әбдіқалықова Инфрақұрылымдық даму жоспарының шеңберінде Қазақстанның әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі өзара тығыз іс-қимылдың, оның ішінде барлық инфрақұрылымдық жобаларға әйелдерді белсенді тартудың айрықша маңыздылығын атап көрсетті.
Тараптар алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықты ескертуге, сондай-ақ қоғамның рухани-адамгершілік дамуына бағытталған алдын алу шаралары бойынша ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты.
-
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
ШЫҰ-ға 20 жыл: Тұрақтылық пен өркендеу жолындағы ынтамақтастық -
Қазақстандағы миграцияның негізгі тенденциялары -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты -
COVID-19: Қазақстандағы эпидахуал, «қызыл» аймақтағы өңірлер және вакциналау барысы -
Қазақстандағы эпидахуал: Елорда мен аймақтарда карантин шаралары күшейтілмек -
«Қазақстандағы климаттың өзгеруі» байқауы: Шарттары мен талаптары -
Қазақстандағы эпидахуал: Коронавирус жұқтырғандар саны 1,6%-ға азайды -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті