Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шаралар басталып кетті

15 Қаңтар, 2015 18:03
Бүгін Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен белгілі жазушы Ілияс Есенберлиннің туғанына100 жыл толуына орай «Көркем әдебиеттегі тарихи шындық» атты жиын басталды.Шара Елбасының тапсырмасымен биыл кең көлемде аталып өтілетін Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына да арналып отыр.

Алқалы жиынға Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері қаламгерлер Т.Әбдік, А.Смайыл, Қ.Мұхаметқалиев,Н.Айтұлы, ғалымдар С.Қасқабасов, Қ.Салғараұлы, сондай-ақ ҚР Парламенті депутаттары, тарихшылар мен қоғам қайраткерлері және жазушының немересі Мағжан Есенберлин қатысуда.

Айта кетерлігі,өткен ғасырда өмір сүрген жазушы Ілияс Есенберлиннің «Алтын Орда», «Көшпенділер»секілді сүйекті шығармаларымен ұлы дала мәдениеті, Қазақ хандары туралы мол мағлұмат қалдырғаны белгілі. Оның 17 романы мен шығармалары әлемнің 30-ға жуық тіліне аударылған.

«Есенберлин шығармаларының басты ерекшелігі – ол қазақтың тарихи санасын жаңғыртуы тұрғысынан қазақ әдебиетіне тың жаңалық әкелуі. Өткен ғасырдың соңындағы қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күресі мен осы жолдағы нәтижелі әрекеттері бірінші кезекте Есенберлин секілді патриоттық сананы қалыптастыратын жазушылармен ғалымдардың еңбегінің арқасы. Елбасының айтқан тарихи сананы қайта жаңғырту мәселесінде Есенберлин шығармашылығының берері мол», - дейді академик С.Қасқабасов.    

Естеріңізге сала кетейік, таяуда ҚР Мемлекет хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Түркі академиясынаарнайы келіп, осы атаулы датаға қатысты шаралардың маңызына ерекше мән берген болатын. 

Бауыржан Мұқанов 

Барлық жаңалықтар