• Басты
  • Ардагерлерімізге барынша көңіл бөлуге тырысамыз – Сыдықов

Ардагерлерімізге барынша көңіл бөлуге тырысамыз – Сыдықов

15 Қаңтар, 2015 20:18
Бүгін еліміздің барлық аймақтарында «Жастар – Отанға!» еріктілер жасағының жұмысы бастау алғандығы туралы «Жас Отан» Жастар қанатының Атқарушы хатшысы Нұрлан Сыдықов жастардың ҰОС ардагерлерімен Қызылорда облысында өткізілген кездесуінде жариялаған болатын.

«Ардагерлер – бұл қоғамның игілігі, дегенмен, бүгінгі таңда оларды өз қамқорлығымызға алып, барынша қолымыздан келгенше көмек көрсету қажет. Кездесудің атап өтетін маңыздылығының бірі – ұрпақтар  сабақтастықтығын қалыптастыру. Мүмкін, дәл осы көмек көрсетіп жүрген еріктілер  болашақ ұрпақтың бейбіт өмір сүруі үшін өзінің ерік-жігері мен күш-қуатын аямаған ардақтыларымызбен тілдескен соңғы ұрпақ болуы әбден мүмкін. Сондықтан да ардагерлерге құрмет танытып, көмек көрсетумен ғана шектеліп қалмай, олардың тарихтағы жауынгерлік ерліктерін келешек ұрпаққа насихат ретінде жеткізудің маңызы орасан зор. Бүгін де аталмыш дәстүрді жалғастыра отырып біз осы жылы ардагерлерімізге барынша көңіл бөлумен қатар оларды қолдауға бар күш-жігерімізді салатындығымызға сеніміміз мол. Қазақстанның барлық жастарын Ұлы Жеңістің 70 жылдығын қайырымды істермен атап өтуге шақырамыз», -  деп атап өтті Нұрлан Сыдықов.

«Нұр Отаннан» атап өткендей, «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасының аясында «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері тарапынан ҰОС, еңбек және жалғыз басты ардагерлерге тұрақты түрде көмек көрсетіліп келеді. Жастар ардагерлердің өмірімен танысып, соғыс жылдарындағы өнегілі әңгімелерін тыңдады.  

2014 жылы «Еріктілер мектебі» қызметінің аясында еріктілер барлық аймақ бойынша 700-ден аса ардагерге атаулы көмек көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, Анықтама: 2014 жылы «Нұр Отан» партиясы Ұрпақтар сабақтастығы мен диалог алаңын қамтамасыз ету, қоғамда ынтымақ, патриотизм, қарт адамдарға және дәстүрге деген құрметті күшейту, 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтардың ерліктерін мәңгі есте сақтау мақсатында «Жастар – Отанға!» еріктілерінің қатысуымен «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасын жүзеге асыруды бастаған болатын.

Аталмыш жоба аясында Ұлы Отан соғысының 5,4 мың ардагердің өмір сүру жағдайы зерттеліп, нәтижесінде 10 мыңнан астам мәселе партияның өз бақылауына алынды. 

Барлық жаңалықтар