Қазақстанның Дубайдағы Бас консулы А.Исағалиев өз қызметіне кірісті

15 Қаңтар, 2015 20:03
Қазақстан Республикасының Дубай және Солтүстік Әмірліктердегі Бас консулы Арман Исағалиев БАӘ Сыртқы істер министрлігінің Дубайдағы офисінің басшысы Хамад Саид әл-Шамсиге консулдық патентті тапсырып, өз қызметіне кірісті.

«Х.С. Әл-Шамси Қазақстан және Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың даму деңгейін жоғары бағалап, Дубайдағы СІМ офисі қазақстандық консулдықтың өз міндеттерін орындауға барынша қолдау көрсететінін ерекше атап өтті», - деп хабарлады сыртқы саясат ведомсвтосы.

А. Исағалиев ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев жариялаған «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты аясында ҚР және БАӘ арасындағы экономика және инвестициялар саласындағы екіжақты ынтымақтастықты қарқындатудың зор әлеуетін атап өтті. Бас консул аталмыш стратегия шеңберінде іске асырылып жатқан Қазақстан инфрақұрылымын дамытуға бағытталған ірі жобаларға Әмірліктер инвесторларының қатысу маңыздылығын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, 2014 жылы желтоқсанда Қазақстан – Түрікменстан – Иран бағытында жаңа темір жолдың ашылуы екіжақты сауда айналымын едәуір арттыруға кең мүмкіндіктер береді.

Барлық жаңалықтар