- Басты
- Жаңалықтар
- «Астана Опера» театрының солисттері Елена Образцованың рухына бағышталған концертте шырқайды
«Астана Опера» театрының солисттері Елена Образцованың рухына бағышталған концертте шырқайды
«Астана Опера» театрының солисттері - Дина Хамзина, Салтанат Мұратбекова, Гүлжанат Сапақова, Татьяна Вицинская ұлы опера әншісінің репертуарынан туындылар орындайды. Сондай-ақ кештің ажарын сопрано дауысты Салтанат Ахметова мен Айгүл Ниязова ашады.
Концерт «Астана Опера» театрының музыкалық жетекшісі Абзал Мұхитдиновтің бастамасымен өткелі тұр. «Аталған жоба – күні кеше дүниеден озған заманымыздың ұлы әншісі Елена Василийқызы Образцованың рухына бағышталады. Аса көрнекті опера жұлдызы, тамаша ұстаз, КСРО Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, Ленин сыйлығының иегері, көңілі сондай ашық-жарқын адамның мезгілсіз қайтыс болуына барлығымыздың қабырғамыз қайысты», - дейді маэстро.
Жақында ресейлік «Большая опера» жобасында жеңіске жеткен «Астана Опера» солисті Салтанат Ахметоваға, опера өнерінің тарихына есімі мәңгіге алтын әріптермен жазылған ұлы шебермен жүздесудің сәті түсті. Ол атап өткендей: «Елена Василийқызы сияқты адамдар – саусақпен санарлық. Оның өзін-өзі ұстай алатындығына үлкен құрметпен қарайсың. Конкурс барысында күн сайын бірнеше сағат бойы отырып, бізді тыңдау өте қиын. Соңғы сәтке дейін ол мазасы болмай тұрғанын қарасымен де, қимылымен де білдірмеген ұлы әртіс болып қала берді. Осындай қасиетті сіңіріп, бойыңа сондай қажырлық жинағың келеді. Ол сайысқа түскендердің барлығына шуағын төкті. Ал конкурсқа қатысушыларды сынаған кезде, тағы махаббаты мен құрметін білдіріп, қолдап отырды».
Естеріңізге сала кетейік, Елена Образцова Астанада бірнеше рет болды. 2013 жылдың қазанында ол «Астана Опера» театрының әлемдік тұсаукесеріне орай өткен гала концертте шырқады.
-
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы нарығына әсері қандай -
Қ.Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты Төрағасының ант беру рәсіміне қатысты -
Театр әр үйде: «Астана Опера» тілдесуге шақырады -
«Астана Операда» Абайдың 175 жылдық мерейтойы атап өтіледі -
«Астана Операда» «Коппелия» күлдіргі балетінің премьерасы өтті -
«Астана Опера» Ресейде «Жібек саты» опера-фарсын ұсынды -
«Астана» халықаралық қаржылық орталығы Алматы облысына инвестиция тартады -
Лондонда «Астана Балет» театрының гастролі аяқталды -
Елбасы «Астана» Халықаралық қаржы орталығында болды -
AMW: Қазақстанның жарнама және теленарығындағы көрсеткіштер қандай -
Қ.Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын ілгерілету үшін нақты тапсырма берді -
«Астана Хаб» қазіргі инновациялық экожүйенің өзегіне айналуы тиіс – Н.Назарбаев -
«Астана Клубы» төртінші отырысының спикерлері белгілі болды -
«Астана» - мазмұны терең, мағынасы кең ұғым -
Астанада «Астана» халықаралық қаржы орталығы ашылды