- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысы Еңбек ауданында ірі қара саны 3 есе өсті (ФОТО)
Ақмола облысы Еңбек ауданында ірі қара саны 3 есе өсті (ФОТО)
«Бүгін облыс әкімі Ақкөл ауданына жұмыс сапарымен барды. Еңбек ауданында өңір басшысы сүтті бағыттағы мал шаруашылығымен танысып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады», - делінген хабарламада.
Еңбек ауылында сүтті бағыттағы мал шаруашылығы қарқынды дамуда. Тұқым сапасын арттыру үшін 2012 жылы шаруашылыққа «Симментал» тұқымдас 300 бас ірі қара малы әкелінді. Австралиялық тұқымның жалпы құны 220 млн теңге болды. Қазіргі таңдаасыл тұқымды мал басы 3 есе артып, 1069-ға жетті.
Әкімдіктің хабарлауынша, шаруашылық 2014 жылы тауарлы сүт фермасын салып, жаңа технологиялармен жарақтандырған. Өткен жылы мұнда 2504 тонна сүт өндірілді. Шаруашылықта 32 ауыл тұрғыны еңбек етуде.
Өз кезегінде облыс әкімі Сергей Кулагин шаруашылық жұмысына оң баға беріп, өңірде өндірілетін өнімнің бірінші кезекте жергілікті халыққа жеткізілуі керектігін айтты. Сонымен қатар Еңбек ауылында 9 мың тонна сыйымдылыққа ие кептіру кешенінің бар екені белгілі. Алдағы уақытта шаруашылық басшысы аталмыш кешеннің сыйымдылығын арттыруды көздеп отыр.
Әкім ауылдағы мектептің материалдық-техникалық базасымен танысып, нысан жұмысымен танысты.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті