- Басты
- Жаңалықтар
- «KAZNEX INVEST» АҚ негізінде АЭА-ны дамыту бойынша Бірыңғай үйлестіру орталығы құрылады
«KAZNEX INVEST» АҚ негізінде АЭА-ны дамыту бойынша Бірыңғай үйлестіру орталығы құрылады
15 Қаңтар, 2015 15:37
«KAZNEX INVEST» АҚ негізінде арнайы экономикалық аймақтарды (АЭА) басқару мен дамыту бойынша Бірыңғай үйлестіру орталығы құрылады, деп мәлімдеді Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Сағадиев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының Мәжілістегі таныстырылымы барысында.
«Заң жобасы сәйкес алдымен «KAZNEX INVEST» АҚ негізінде арнайы экономикалық аймақтарды басқару мен дамыту бойынша Бірыңғай үйлестіру орталығы құрылады. Оған басқарушы компаниялардағы мемлекеттік акциялардың бір бөлігі беріледі», - деді Е.Сағадиев.
Вице-министр атап өткендей, Бірыңғай үйлестіру орталығын құру туралы ұсыныс мамыр айында қолдау тапқан. Бұл ұйымды ашуға арнайы қаржы бөлу қажет емес.
Жалпы, АЭА-ды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру және олардың жұмысына бизнес үдерістерін, инфрақұрылымдық инвесторлар мен аймақ жұмысына жаңа қатысушыларды тарту бойынша маркетинг шараларын енгізу Бірыңғай үйлестіру орталығының негізгі міндетіне айналады.
Камила Амирова
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды