- Басты
- Жаңалықтар
- «Жеңіс вымпелі» Астанаға келді (ФОТО)
«Жеңіс вымпелі» Астанаға келді (ФОТО)
Бүгінгі салтанатты шараға ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров, Ұлы Отан соғысының ардагерлері жиналды. Сонымен қатар, Генерал С.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің оқушылары әскери сап түзеді.
Ең алдымен Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров жиналғандарды Ұлы отан соғысының 70 жылдығымен құттықтап, ардагерлерге өз тілегін жолдады. Сондай-ақ, осы акцияның маңыздылығын атап өтті. Одан кейін «Жеңіс вымпелін» «Жас ұлан» мектебінің 11 сынып оқушысы, оқу озаты, спорт шебері Ақтөре Есентаев мектеп мұражайына табыстау құрметіне ие болды.
"Қазақстаннан Ұлы отан соғысына 12 атқыштар дивизиясы, 4 кавалерия дивизиясы, 7 бригадасы, 50 жеке полк батальондары қатысты. Совет Армиясының жауынгерлік туының астына 1 ¬млн. 300 мың қазақстандық сапқа тұрды. Оның 850900-і қаракөз қазақтар еді. Соғыс жылдарында 500 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. 4 даңқты жерлесіміз бұл атақты екі мәрте иеленді. Осындай батырларымызды келешекке ұрпаққа үлгі ету үшін Жоғарғы Бас қолбасшымыз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен барлық гарнизондарымызда «Жеңіс вымпелі» акция-марафоны ұйымдастырдық. Қазақстанның барлық өңірінде жалғасын тапқан бұл шараның жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуде маңызы зор", - дейді Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Мұрат Майкеев.
Бұл патриоттық акция-марафон ең алдымен 30 желтоқсанда Шығыс әскери округынан бастау алған болатын. Одан кейін Қарағанды, Семей, Қапшағай, Ақтау, Алматы қалаларының әскери гарнизондарында өткізілді. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы құрметіне орай ұйымдастырылған шараның мақсаты – батырларымыздың ерен еңбегін жас ұрпақтың бойына сіңіру болып табылады.
-
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
COVID-19 әлемде: Францияда коронавирустың жаңа штамы анықталды, АҚШ-та антиденелері бар сәби дүниеге келді -
COVID-19 пандемиясы Қазақстанның денсаулық сақтау саласына қандай өзгерістер алып келді -
Қазақстандағы адам саудасы: үш жылда 1100 қылмыс тіркелді -
МӘМС: Кімдер тіркелді, халыққа қандай көмек көрсетілді және қордың пандемия кезіндегі жұмысы -
«Таза сайлау» ұйымы: Сайлауда Қазақстан бойынша 500 заңбұзушылық тіркелді
-
Жер қойнауын пайдалану құқығы берілген онлайн аукцион қазынаға 61 млрд теңге әкелді -
Шымкентте пневмониямен ауырған 6340 науқас тіркелді -
Алматыға Мәскеуден бір топ дәрігер COVID-19 ауруымен күресуге келді -
Ресейлік дәрігерлер Қазақстанға COVID-19 індетімен күресуге келді -
Ғ.Ағаділов: Мемлекеттік шекарада жолаушы саны азайғанымен, бірқатар заң бұзушылық тіркелді -
Коронавирус: Ауру белгілері жоқ 964 тасымалдаушы тіркелді -
Жақыныңа жанашыр бол: Коронавирус белгісі жоқ тағы 623 адам тіркелді -
Коронавирустың белгілері жоқ 600 тасымалдаушы тіркелді -
Елімізде коронавирус белгілері жоқ 500-ге жуық тасымалдаушы тіркелді