ШҚО-да 2015 жылы ИИД МБ аясында 12 инвестжоба жоспарланған

15 Қаңтар, 2015 17:48
Шығыс Қазақстанда облыс әкімі Даниял Ахметовтың төрағалығымен индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Онда Индустрияландыру картасына енгізілуі ұсынылған бірқатар инвестициялық жобалар қаралды, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.

ШҚО Кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасы жетекшісі Шәкәрім Бұқтығытовтың айтуынша, 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін Индустрияландыру картасына ШҚО-нан жалпы құны 685 млрд теңге болатын 61 жоба ұсынылған.

«Бағдарлама іске асырылған 4 жылда өндірілген өнім көлемі 397,5 млрд теңгені құрады. 2015 жылы 28,6 млрд теңгенің 12 инвестициялық жобасын іске асыру жоспарланған», - дейді.

Отырыста өңір басшысы жобаларды мақұлдау мәселесі тек қаражаттың қолда болған кезінде ғана мақұлданатынын, керісінше жағдайда мемлекеттен ақша алған кәсіпкер жұмыс істеудің орнына инвестор іздеп кететінін айтты. 

Айта кету керек, ұсынылған жобалар түрлі өңірлер бойынша жүзеге асырылуда және өндірістің әр саласын қамтиды. 

Барлық жаңалықтар