БҚО-да «АТОМ жобасы – ядролық қарусыз әлем үшін» атты кездесу өтті

1 Қазан, 2013 16:06
«Батыс Қазақстан облыстық Семей ядролық сынақ полигоны мүгедектері Қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «АТОМ жобасы – ядролық қарусыз әлем үшін» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды,деп облыстың ішкі саясат басқармасы мәлімдеді.

«2013 жылғы 30 қыркүйек күні облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Батыс Қазақстан облыстық Семей ядролық сынақ полигоны мүгедектері Қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен  «АТОМ жобасы – ядролық қарусыз әлем үшін» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды», - деп хабарламада айтылған.

 Аталмыш шараға мемлекеттік қызметкерлер, облыстық ішкі саясат басқармасы, кәсіпорынқызметкерлері, «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы, ҮЕҰ, жастар қоғамдық бірлестіктері және БАҚ өкілдері қатысты.

Астана қаласында өткен Халықаралық конференцияда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев Халықаралық АТОМ Жобасын іске қосу туралы бастамасының өзектілігін ерекше атап өткен болатын. Ядролық қаруды жаһандық таратпау және жою алдағы міндеттердің бірі болмақ.

 

Барлық жаңалықтар