• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО-да тантал-қалайы кендерін өндіру және байыту фабрикасын қайта іске қосу жоспарлануда

ШҚО-да тантал-қалайы кендерін өндіру және байыту фабрикасын қайта іске қосу жоспарлануда

15 Қаңтар, 2015 19:48
ШҚО-да облыс әкімдігінің Инновациялық-индустриалды даму бойынша үйлестіру кеңесінің отырысында Ұлан ауданының Огневка ауылындағы тантал-қалайы кендерін өндіру және байыту фабрикасын қайта жаңғырту және автоматтандыру жобасы таныстырылды, деп хабарлады ШҚО-ның Ақпараттық орталығы.

Аталып өткендей, аталмыш фабрика он жылдан астам уақыт жұмыс істеген.  Ұлан ауданы әкімінің міндетін атқарушы  Дәулет  Батырбаевтың айтуынша, фабриканың базасы, техникалық желісі толығымен сақталынып қалған.

«Огневка ауылындағы фабриканың жұмысын жандандыруды «Белогор тау компаниясы» ЖШС көздеп отыр. Жоба 2015-2017 жылдар аралығында жүзеге асырылады. Оның құны 920 млн теңге. Қомақты қаржыны инвестордың өзі бөлетін болады», - делінген хабарламада.

Орталықтың ақпараты бойынша, кәсіпорында 200 адам жұмыс істейтін болады және олар тантал-қалайы кендерін өндіріп қана қоймай, қайта өңдейді.

Айта кетерлік жайт, жобаны жүзеге асыруды аймақ басшылығы инвестор өзінің қаржылық жағдайын растағаннан кейін ғана мақұлдайтын болады. 

Барлық жаңалықтар