• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенат Қазақстан мен Катар арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімді ратификациялады

Сенат Қазақстан мен Катар арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімді ратификациялады

15 Қаңтар, 2015 13:34
Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Катар мемлекетінің Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Катар мемлекетінің Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімге хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

«Аталмыш мәселе бойынша қаржы министрі Б.Сұлтанов баяндама оқыды. Құжаттың мақсаты Қазақстан мен Катар мемлекеті арасындағы экономикалық ынтымақтастықты инвестицияға қолайлы жағдай жасау арқылы нығайту және кеңейту болып табылады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, келісім қосарланған салық салуды болдырмауды көздейді және екіжақты халықаралық шарт болып табылады.

Барлық жаңалықтар