• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Мурадов: Бірқатар халықаралық ұйымдарды қазақстандық этносаралық толеранттылық тәжірибесі қызықтырады

А.Мурадов: Бірқатар халықаралық ұйымдарды қазақстандық этносаралық толеранттылық тәжірибесі қызықтырады

15 Қаңтар, 2015 11:46
Бірқатар халықаралық ұйымдарды қазақстандық этносаралық толеранттылық тәжірибесі қызықтырады, деп хабарлады ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ахмед Мурадов.

«Біздің тәжірибеміз көптеген елдерді қызықтырады. Бұл дегеніңіз Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық халықаралық институттарға – БҰҰ, ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесіне, Азия даму банкіне, Еуропалық даму банкіне және де өзге аймақтық бірлестіктерге қызықты. Пост кеңестік кеңістікте біздің тәжірибеміз жіті зерттелуде»,- деді А.Мурадов ОКҚ өткен брифингіде.

Сонымен қатар, Парламенттегі депутаттардың өкілділігінің қазақтандық үлгісі өзге шет елдердің назарынан тыс қалмады. «Мысалы Румыния этникалық топтарға квота бөлумен айналыса бастады»,- деп түсіндірді депутат.

Халық қалаулысының айтуынша, бүгінгі таңда дипломатиялық өкілдіктер Қазақстан халқы Ассамблеясының серіктестері болып табылады.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар