• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қызылордада кәсіпкерлікті қорғау және қолдау жөніндегі меморандумға қол қойылды

Қызылордада кәсіпкерлікті қорғау және қолдау жөніндегі меморандумға қол қойылды

15 Қаңтар, 2015 14:49
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы бизнес алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Мұрат Қарымсақов және Қызылорда облысының кәсіпкерлер Палатасы директоры Руслан Досмаханов бірлесіп кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойды, деп хабарлады МҚІжСЖҚІД баспасөз қызметі.

Іс-шарада Қызылорда облысы бойынша МҚІжСЖҚІД-і басшысы Мұрат Қарымсақов аталған Меморандумға қол қоюдың маңыздылығын атап өтіп, кәсіпкерлерге жаңа құрылған Агенттіктің қызметі туралы әңгімеледі, сондай-ақ ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында бекітілген мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттары туралы түсіндірме берді.

Сонымен қатар, іс-шараға қатысушы кәсіпкерлер және қоғамдық ұйымдар өкілдері қол қойылған Меморандумды жүзеге асыру бизнес өкілдерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау тиімділігін арттыратынын атап өтті.

Барлық жаңалықтар