• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің түйіндеме деректерінің және диплом жұмыстарының базасы құрылады

«Болашақ» бағдарламасы түлектерінің түйіндеме деректерінің және диплом жұмыстарының базасы құрылады

15 Қаңтар, 2015 12:03
«Болашақ» бағдарламасы түлектерінің түйіндеме деректерінің және диплом жұмыстарының базасы құрылады, деп хабарлайды "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ.

«Болашақ» бағдарламасы түлектерін жұмысқа орналастыруға тиімді әрекет ету мақсатында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ BARO бағдарлама түлектері мен жұмыс берушілер арасында заманауи коммуникативтік онлайн алаңын құруға бағытталған жаңа әлеуметтік жобаныіске қосты

«Болашақ» бағдарламасы түлектерінің түйіндемелерінің деректері мен диплом жұмыстарының базасын құру бойынша онлайн платформаны іске қосу идеясы алғаш рет Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің жыл соңында «болашақтықтармен» кездесуінде айтылған еді.

www.resume.bolashak.gov.kz онлайн ресурсы «Болашақ» бағдарламасының түлектері мен отандық жұмыс берушілерге  knowledge sharing мақсатында түйңндемелерді, дипломдық жұмыстарды орналастыру, қызықтырған қызмет саласында бос жұмыстарды іздестіру, қазақстандық еңбек нарығында жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері туралы өзекті ақпарат алу мәселелерінде кәсіптік мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі күніwww.resume.bolashak.gov.kz порталында 239-дан аса адам тіркелген.

Барлық қызықтырған мәселелер бойынша «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ BARO бөліміне 76 90 94,76 90 95 телефондары бойынша хабарласуға болады.

Барлық жаңалықтар