- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодарда Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған іс-шаралар басталды
Павлодарда Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған іс-шаралар басталды
Достық үйінде Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбайұлы Қайырбаевтың туғанына 90 жыл толуына арналған мерейтойлық кеш өтті. Батырды еске алу кешіне Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері, үзеңгілес әріптестері, замандас-ардагерлер, жастар бірлестіктерінің мүшелері, батырдың зайыбы Сәбира Әмірқызы, балалары мен туған-туыстары жиналды.
«Махмет Қайырбаев - Белорусь пен Балтық елдерінде майданға қатысқан жауынгер. Ағамызға ерекше ерлігі үшін «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді. Осы кезде ол 20 жаста ғана болатын», - деді аймақ басшысы Қанат Бозымбаев.
Сонымен қатар ол Махмет Қайырбаевтың өңірдің дауына қосқан үлесін жоғары бағалады.
Айта кетерлік жайт, Махмет Қайырбайұлы Қайырбаев (1 қаңтар 1925 жыл – 12 шілде 1996 жыл) – Совет Одағының Батыры, Бірінші Балтық майданындағы 2-ші гвардиялық әскердің 17-танкіге қарсы ататын артиллериялық жеке бригаданың командирі, аға лейтенант (отставкадағы полковник).
Кеңес әскері қатарындағы қызметінен кейін ҚазСРО-да түрлі жауапты басшылық лауазымдарды иеленді.
Павлодар қаласының құрметті азаматы ретінде облыс орталығындағы көшелердің біріне оның аты берілген. Өзі еңбек еткен бұрынғы облыстық атқарушы комитеті ғимаратының алдына мемориалды тақта қойылып, Жеңіс саябағындағы Батырлар аллеясына мүсіні орнатылған.
Қазіргі уақытта М.Қ. Қайырбаев батареясының әскери зеңбірегі облыстық тарихи-өлкетану музейіне экспонат ретінде қойылған.
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Жақыпбек Алтайұлы, философ, профессор: Абай аты мен мұрасы - қазақтың бренді -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары