• Басты
  • Жаңалықтар
  • Құрлық әскерінде әскери дайындықтың жаңа жүйесі сыналуда – Қорғаныс министрлігі

Құрлық әскерінде әскери дайындықтың жаңа жүйесі сыналуда – Қорғаныс министрлігі

15 Қаңтар, 2015 11:32
Генерал-лейтенант Мұрат Майкеев бастаған ҚР ҚК Құрлыс әскері бас қолбасшылығы басқармасы офицерлерінен тұратын Алматы, Қапшағай, Сарыөзек, Талдықорған және Үшарал гарнизондарының бөлімшелерінде болып қайтты.

Министрліктің хабарлауынша, сапардың басты мақсаты әскери дайындықтың жаңа жүйесі бойынша өткізіліп жатқан оқу-жаттығудың тиімділігі мен шараның барысымен толықтай танысу. Командирлер әскерилермен әңгімелесіп, жаңа жүйе туралы пікірлерін сұрады. Естеріңізге сала кетейік, жүйе 2014 жылдың басынан бастап енгізілген.

«Сонымен қатар жаңа жүйе өзінің тиімділігі мен сұранысқа ие екендігін уақыт өткен сайын дәлелдеуде. Әскери орындардағы жауынгерлердің дайындықтары артып, тәртіп күшейе түскен», - делінген хабарламада.

Жұмыс тобы сонымен қатар қол астындағы оқу-жаттығу қызметтері мен күнделікті дайындықтарын бір тексеріп шықты. 

Барлық жаңалықтар