- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Бас прокуроры азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
ҚР Бас прокуроры азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
15 Қаңтар, 2015 11:18
Бас прокурор Асхат Дауылбаев кезекті рет азаматтарды жеке қабылдады. Арыз берушілердің өтініштері негізінен қылмыстық және әкімшілік істер бойынша сот актілеріне, қылмыстық іс жүргізудің сотқа дейінгі сатысындағы уәкілетті органдардың шешімдеріне, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық саладағы шағымдарға қатысты болды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
«Бас прокурор келген азаматтарды тыңдаған соң шағымдарды мұқият зерделеп, заң бұзушылық анықталған жағдайда бұзылған құқықтарды қалпына келтіру және кінәлі тұлғаларды заңмен белгіленген жауапкершілікке тарту бойынша түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырды», - делінген хабарламада.
Аталып өткендей, Бас прокурордың осыған дейінгі қабылдауында болған арызданушылардың дәйектерін тексеру үшін Бас прокуратура қылмыстық қудалау органдары қаулыларының күшін жойып, сотқа дейінгі тергеу қозғады.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады