- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы Ақмола облысында ЖҚЖК-2020 бағдарламасына 3 мың адам тартылды
2014 жылы Ақмола облысында ЖҚЖК-2020 бағдарламасына 3 мың адам тартылды
2404 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Бұл Ақмола облысы әкімдігі мен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі арасында қол қойылған республикалық бюджетте қарастырылған мақсатты трансферт нәтижелері туралы келісімде көрсетілген көрсеткішпен салыстырғанда 21,1%-ға артық.
Хабарламада айтылғандай, 2014 жылға арналған республикалық бюджет бағдарламасы шараларын қаржыландыру көлемі 4,3 млрд теңгені құрайды.
Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік көмек, құрылыс пен ТКШ саласындағы 71 инфрақұрылымдық шараларды іске асыру аясында 871 адам жұмыспен қамтылған.
Қолда бар мәлімет бойынша, 468 адам 1,136 млрд теңге несиені өз кәсіптерін ашу мен оларды кеңейту мақсатында алып отыр. Соның ішінде 392-сі бастауыш кәсіпкерлерге берілген. 222 адам кәсіпкерлік негіздерін оқып шықты.
Үшінші бағыт аясында 484 адам кәсіптік оқытылды. Оқыту шаралары 16 білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады. Ал жастардың өндірістік тәжірибесіне 777 адам тартылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 456 жұмыс берушімен келісімшарттар құрылып, 1119 адам бағытталды. Статистка органдарының мәліметіне сүйенсек, үшінші маусым қорытындысы бойынша облыстағы жұмыссыздық деңгейі 5,0% құрап, жастар жұмыссыздығы 4,1% шамасында болған.
2015 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын ары қарай іске асыру мақсатында республикалық бюджеттен 4,3 млрд теңге көлемінде қаражат бөлу жоспарланған.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда