ТКШ-ын терможаңғырту шарасы 7,3 млрд теңгені үнемдеді - ҚРТМБА

1 Қазан, 2013 10:45
Коммуналды салада энергияны үнемдеуді жүзеге асыру барысында 7,3 млрд теңге үнемделді, деп ҚР монополияларды бақылау агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов хабарлады.

«2012 жыл бойынша ғана жалпы 7,3 млрд теңге үнемделді, ол ауқымды «Астана Су Арнасы» су арнасының 3 жылдық табысына тиесілі», - деді  ҚРТМБА төрағасы.

Оның айтуынша, жөндеу мен жаңа қондырғыларды орнату үрдісіннің қорытындысы бойынша жылу энергиясына жұмсалатын отынның шығыны азайған. Статистика бойынша, соңғы 10 жыл ішінде көрсеткіш 2 есеге  төмендеген.

Сонымен қатар, ведомство басшысы электр , су, жылу саласында жыл сайын нормативті шығындардың қысқарып келе жатқандығын айтты.

 

Барлық жаңалықтар