- Басты
- Жаңалықтар
- ҰКП ЕАЭО жағдайында ішкі нарықты қорғау бойынша ұсыныстар берді
ҰКП ЕАЭО жағдайында ішкі нарықты қорғау бойынша ұсыныстар берді
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылғы 26 желтоқсанда Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өз ұсынысын, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы келісімдермен рұқсат етілетін, уақытша сауда шектеулерін енгізу жөніндегі ұсынысы мәлімделген ақпараттық хабарлама таратқан болатын. Айтар болсақ, ЕАЭО мүше мемлекеттер бір-біріне қатысты сырттан келетін және сыртқа шығарылатын тауарларға кедендік баждар (басқа да баждар, эквиваленттік әрекеттерді иеленетін салықтар мен алымдар), тарифтік емес реттеу шараларын, арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақылық шараларды қолданбайды. Сонымен қоса, ЕАЭО туралы шарттың 29 бабында ішкі нарық тауарларының қызмет ету тәртібінен шығарылуы қарастырылады.
«Осылайша, Қазақстан Республикасымен отандық кәсіпорындар үшін экономикалық зиян байқатып отырған тауарлар топтарына қатысты сауда шектеулері енгізілуі мүмкін. Бұл сырттан тауар әкелуді (квоталар) шектеу, импортқа тыйым салу, импортты лицензиялау болуы мүмкін», - деп палатадан түсіндірді.
ҚР ҰКП-ның есептеуінше аталған шаралар өңдеу индустриясында, машина жасау, тамақ өнеркәсібінде және т.б. қолданылуы мүмкін. Қазіргі уақытта Ұлттық кәсіпкерлер палатасына осы және басқа да салалардың бәсекеге қабілеттілігінің төмендегені жайлы ақпараттар келіп түсуде.
Бұдан басқа, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жоғарыда аталған шараларға қосымша, өңдеу секторының кәсіпорындарын, ең алдымен ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібімен айналысатын кәсіпорындарды арнайы субсидиялауды жүзеге асыруды ұсынады. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық экономиканың импортқа тәуелділігін төмендету үшін қолданыстағы өнеркәсіпті дамытудың мемлекеттік бағдарламалары аясында, ең алдымен азық-түлік қоржыны тізіміне кіретін тауарлар бойынша, импортты алмастыру бойынша кешендік жоспарды әзірлеу және енгізу өте маңызды деп санайды.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру