ҚР-да реттемелі салаға инвестиция көлемі өсіп келеді

1 Қазан, 2013 10:34
Реттемелі салаға жыл сайын қондыдғыларды жаңарту, қызмет көрсету сапасын арттыру мен энерготиімділікті арттыру мақсатында салынатын инвестиция көлемі өсіп келеді, деп мәлімдеді Үкімет отырысында Табиғи Монополияларды Реттеу Агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов.

«Қабылданған шаралар бойынша, 2012 жылы осы салаға құйылған инвестиция көлемі 208,8 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда  46%-ға артық. 2013 жылы инвестиция көлемін 230 млрд теңгегедейін өсіру жоспарланып отыр», - деді М.Оспанов.

Айта кету керек,инвестициялық бағдарламалар тариф белгілеудің басты шарты. Керісінше болған жағдайда, Агенттік төрағасының айтуынша, табиғи монополиялар субъектілерінің тариф белгілеуі қабылданбайды және қарастырылмайды.

Инвестиция көлемінің өсімі әр монополисттік  инвестициялық бағдарламалар жасауына және іске асыруына мәжбүрлейді.

«Бұл тариф бағасын қадағалау мен есеп алуда таптырмас тиімді механизм», - дейді агенттік төрағасы.

«Инвестициялық бағдарламалар орнатылған  индикаторларға жеткен жағдайда ғана орындалған болып саналады және қабылданады»,- деді М.Оспанов.

 

 

Барлық жаңалықтар