• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Байқоңыр» ғарыш кешенінің 60 жылдығын атап өту үшін ұйымдастыру комитеті құрылды

«Байқоңыр» ғарыш кешенінің 60 жылдығын атап өту үшін ұйымдастыру комитеті құрылды

14 Қаңтар, 2015 14:34
«Байқоңыр» ғарыш кешенінің 60 жылдығын атап өту үшін ұйымдастыру комитеті құрылды, деп хабарлады ҚР ИДМ аэроғарыш комитеті Байқоңыр қалалық әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«2015 жылғы 2 маусымда «Байқоңыр» ғарыш кешенінің 60 жылдығына орай Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағында салтанатты шара өтеді. Мерейтойды ұйымдастыру және мерекелеу жөніндегі ұйымдастыру комитеті құрылады», - делінген хабарламада.

Байқоңыр қаласы ғарыш айлағының ресми құрылған күні 1955 жылғы 2 маусым саналады. Сол кезде КСРО Қорғаныс министрлігінің басшысы Байқоңыр атын алған бесінші сынақ полигонының ұйымдастыру-штаттық құрылымына қол қойған.

Бірегей нысанды жобалауды КСРО Қорғаныс министрлігі Арнайы құрылысты жобалау орталық институты  жүзеге асырған. Оның бас инженері болып А.А. Ниточкин тағайындалды.Алғашқы құрылысшылардың бастапқыда шатырлар, жеркепеде тұрып, ауызсудың жоқтығына, қатты аяздар мен 45 градустық ыстықтарға төзуіне тура келді.Құрылыс басталғаннан кейін небәрі екі жылдан кейін - 1957 жылғы 15 мамырда Байқоңыр қаласында Р-7 зымыраны алғаш рет ұшырылды, 4 қазанда жердің жасанды серігі ұшырылды.

1961 жылы 12 сәуірде алғашқы ұшқыш Юрий Гагаринмен «Восток» ғарыш кемесі ұшырылды.

Барлық жаңалықтар