• Басты
  • Қостанай облысының жастары ҰОС ардагерлерімен кездесті

Қостанай облысының жастары ҰОС ардагерлерімен кездесті

14 Қаңтар, 2015 11:53
«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасының шеңберінде «Жас Отан» ЖҚ –ның Қостанай облыстық филиалы Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен мектеп оқушыларының кездесуін ұйымдастырды , деп Нұр Отан хабарлады.

Жастар Ұлы Отан соғысының ардагері, Қостанайда жасақталған және №4 орта-мектебіндегі жауынгер даңқы музейіндегі қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Михаил Подоляковпен кездесті. Бұл музейде Қостанайда құрылған және Берлинге дейін жеткен атақты 150-ші атқыштар бригадасы әскерлерінің жеке бұйымдары мен трофейлері, атақты батыр-жерлестердің есімімен байланысты жәдігерлер сақтаулы.

«Біздің жауынгер даңқы музейімізде Ұлы Отан соғысының шинельдері, каскалар, снарядтар, жауынгерлік наградалар және басқа да көптеген жәдігерлер мен бірегей құжаттар көп. Бүгінгі таңда бізде Ресейден, Украинадан, Балтық жағалауы елдерінен әкелінген 3500 –нан астам жәдігер бар. Негізінен музей экспозициясы біздің қаламызда жасақталған 150-ші дербес атқыштар бригадасына арналған. Жауынгерлері Рейхстагқа дейін жеткен бұл бригаданың тарихы 1941 жылдың 21 желтоқсанынан бастау алады. Тап осы күні Қостанайда офицерлер мен әскери қызметкерлер тобы оның бөлімдерін жасақтау жұмысқа кіріскен болатын», - деп тарихтан сыр шертті №4 мектептің оқытушысы Анастасия Позднякова. 

Сондай-ақ ол, музейде Ұлы Отан соғысы батырларының есіміне зор құрмептен қарайтынына тоқталды. 

Өз кезегінде Михаил Подоляков мағыналы кездесуді ұйымдастырғаны үшін балаларға рахмет айтып, тілек сөзін білдірді. 

«Ардагерлердің қалалық кеңесі әрдайым «Жас Отан» жастар қанатының өтінішіне қайырылып, оны қанағаттандыруға тырысады. Бүгін мектеп оқушыларымен кездесу өтіп, мен оларға соғыс туралы естелік айтып бердім. Отанына адал болуы, тарихты білуі үшін жастарды тәрбиелеу қажет», - деп атап өтті қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы. 

Сондай-ақ атап өткендей, аталған іс-шараның жастарды патриоттық тәрбиеге баулуға бағытталған. Тап осындай кездесулер Денисов, Меңдіқара, Феодоров, Қостанай аудандарында және Лисаковск қаласында өтуде, сонымен қатар еріктілер қаңтардан бастап өңірдегі жалғыз басты ардагерлерге, егде тартқан адамдарға көмек көрсетуде. 

Барлық жаңалықтар