• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2014 жылы Қазақстанның Кедендік одақ елдерімен сауда көлемі 18 млрд долларды құрады

2014 жылы Қазақстанның Кедендік одақ елдерімен сауда көлемі 18 млрд долларды құрады

14 Қаңтар, 2015 11:37
2014 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстан Республикасның Кедендік одақ елдерімен өзара сауда көлемі 18 084,9 млн долларды құрады. Бұл 2013 жылдың осы уақыттарымен салыстырғанда 19,3%-ға төмен.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметінше, Қазақстан экспорты құрылымында Кедендік одаққа шығарылатын жалпы экспорттың 44,1 пайызы минералды өнімдерге, 27,6 пайызы металл мен бұйымдарға, 12,2 пайызы химия өнеркәсібі өнімдеріне, 5,3 пайызы мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы және дайын тұтыну өнімдеріне тиесілі.

Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасынан көлік мен құрылғылар көптеп әкелінеді. Оның көрсеткіші КО елдерінен тасымалданатын импорттың 32,4 пайызын құрайды.

Сонымен қатар минералды өнімдер 14,2%, химия өнеркәсібі өнімдері 13,5%, металл мен бұйымдар 13,2%, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы және дайын тұтыну өнімдері 12,1%.

Барлық жаңалықтар