• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжіліс балаларды денсаулығы мен дамуына зиян тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңды мақұлдады

Мәжіліс балаларды денсаулығы мен дамуына зиян тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңды мақұлдады

14 Қаңтар, 2015 10:47
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян тигізетін ақпараттан қорғау туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

«Құжат халықаралық құқықтың балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Оның ішінде Қазақстан қабылдаған БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясында бекітілген, жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларына сәйкес бала құқықтарын қорғауды басымдықпен қамтамасыз ету қажеттілігі негізге алына отырып әзірленген», - делінген әлеуметтік және мәдени даму комитетінің қорытындысында.

Заң жобасында балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, әр түрлі жас топтарындағы балаларға арналған ақпараттық өнімнің мазмұнына қойылатын арнайы талаптарды бекіту көзделген.

«Бұл ретте, әрбір жас санаты бойынша осы жас санаттарына тән критерийлер айқындалып отыр. Бұдан бөлек, балаларға арналған ақпарат өнімінің айналымына қойылатын арнайы талаптар да заң жүзінде енгізілді», - делінген салалық комитеттің қорытындысында.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар