- Басты
- Жаңалықтар
- Белоруссияны азат еткен қазақстандық жауынгерлердің туыстарына мерейтойлық медальдар табыс етілді
Белоруссияны азат еткен қазақстандық жауынгерлердің туыстарына мерейтойлық медальдар табыс етілді
Ведомсвтоның мәліметі бойынша, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған мерейтойлық медальдерді тапсыру салтанатына ержүрек жауынгер Ихсанбек Асановтың қызы Фарбиза Асанова мен немересі Нұрлан Орманбетов қатысты. Витебск облысы Дубровно қаласын жаудан азат етуде ерлікпен қаза тапқан батырдың немересі тағдырын әскермен байланыстырған. Бүгінде ол ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы.
«Менің әкем өте ержүрек адам болған. Ол үшін намыс бәрінен қымбат. Бала күнімде мен әкемнің өмірге белсенді құштарлығына таң қалатынмын. Оның махаббаты мен қамқорлығы ер азаматтардың өз балалары мен жақындарына үлгі болып қалады», - дейді Ф. Асанова.
2014 жылы көктемде қайтыс болған Болташ Сейітовтің наградасы ұлы Талғат Сейітовке табыс етілді.
«Менің әкем соғыстың басынан аяғына дейін қатысты. Белоруссияны, Украинаны және Молдавияны азат етті. Ол қашанда алғы шепте ажалмен қатар жүрді. Соғыстың барлық отынан өткен ол парасатты, өмірді сүйген адам боп қалды», - дейді Т. Сейітов.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтаған Беларусь Республикасының Елшісі Анатолий Ничкасов фашист басқыншыларына қарсы тұруда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білген барлық ұлт өкілдерінің бірлігі гитлер армиясын күйрете білді деп атап өтті.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Олимпиада ойындарын өткізу: шығын ба әлде табыс па -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда