• Басты
  • Жаңалықтар
  • Көкшетауда «Сіздің тамшы қаныңыз – біреудің өмірін құтқарады!» акциясы өтеді

Көкшетауда «Сіздің тамшы қаныңыз – біреудің өмірін құтқарады!» акциясы өтеді

13 Қаңтар, 2015 19:48
Ақмола облысы орталығында «Сіздің тамшы қаныңыз – біреудің өмірін құтқарады!» акциясы өтеді, деп хабарлайды «Ақмола Медиа Орталығы».

Шара облыста донорлар санын арттыру мен жастар арасында донорлық қозғалысты насихаттау мақсатында Ақмола облысы жастар саясаты басқармасы Ақмола облыстық жастар ресурстық орталығы мен Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы облыстық қан орталығы арасындағы ынтымақтастық пен өзара жұмыс істеу туралы меморандум аясында өткізіледі.

Хабарламада айтылғандай, акцияның мақсаты жастар мен көпшіліктің назарын қоғамдағы донорлықтың қажеттілігіне көңіл аударту, өйткені қазіргі таңда Қазақстанның қан қызметі қайтарымсыз ерікті донорлықлықты дамыту мәселесі бойынша қолдау көрсетуге мұқтаждық танытып отыр.

Акцияның бір ерекшелігі – оған Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында облыстық «Қоғамдық келісім» этномәдени жастар бірлестігі көшбасшылары қатысады. Сонымен қатар шараға көңілді тапқырлар клубы, Көкшетау қалалық студенттер альянсы, жастар істері комитеті өкілдері мен белсенді жастар қатысады. 

Барлық жаңалықтар