Ақмола облысында жаңа балабақша ашылды

13 Қаңтар, 2015 19:26
Ақмола облысы Дамса ауылында жеке меншік балабақша ашылды, деп хабарлайды "Ақмола медиа орталығы".

«Бұл аудандағы тұңғыш балабақша. Ол құрылыс кеңсесінің ғимаратында орналасқан. Бірнеше ай бұрын бірінші қабат жөндеуден өтті. Қазіргі таңда мұнда балабақшаға қажетті барлық құрылғылар әкелінді», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда Шортанды мен Дамсаның жиырма шақты баласы осында тәрбиеленуде. Алдағы уақытта балалар саны 30-ға дейін артпақ. Тамақтану, балалардың қатынауы, шет тілдерін оқыту, шығармашылық тәрбиелеу мен өзге де барлық шаралар жан-жақты қарастырылған.

Хабарламада айтылғандай, балабақшаның таныстырылымында білім ошағының тәрбиеленушілер өнер көрсетіп, көпшілікке өз өнерлерін паш етті. Балабақша ұжымында білікті мамандар еңбек етуде, бүгінде басшылық демеушілермен жұмыс істеп жатыр.

Сонымен қатар балабақша таныстырыпымында аудан әкімі атанын сыйлықтар табысталды.

Барлық жаңалықтар